ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Қымыз бен қымыран ұнтағын шығаратын зауыт іске қосылады

16:39, 12 маусым 2017

Түркістанда жаңа зауыт іске қосылмақ. Қазақстандағы теңдесі жоқ кәсіпорын бие мен түйе сүтін ұнтақ күйіне айналдырады. Қазір нысанның құрылысы қызу жүріп жатыр. Қаржылай қолдауды Қытай тарапы білдіруде.

«Golden camel group LTD» ЖШС-гі – қытайлықтардың еншісіндегі компания. Олар Қазақстан жерінен ұнтақталған қымыз бен қымыран өндіруді көздеп отыр. Кәсіпкерлікке қолайлы аймақ ретінде Түркістан қаласы таңдалған. Оның ең бірінші себебі – қасиетті мекенде түйенің көп өсірілетіні. Қазір инвесторларға жергілікті билік тарапынан мейлінше қолдау көрсетілуде.

Кәсіпорын іске қосылса, бір мезетте 160 жергілікті азамат жұмыспен қамтылады. Шикізатты Түркістан мен оған жақын Отырар ауданынан, Қызылорда облысынан алуға болады. Әзірге кәсіпкерлік бөлімі жергілікті шаруалармен келіссөздер жүргізуде.

Ұнтақталған қымыз бен қымыранның сақталу мерзімі 2 жылға дейін созылады. Зауыт басшылығы бір тәулікте мың тоннаға дейін өнім өндіруді жоспарлап отыр. Бұл ең алдымен, түркістандық шаруалар үшін қолайлы болмақ.

 «Golden camel group LTD» ЖШС-нің жоспары ауқымды. Тек ұнтақталған қымыз бен қымыран өндіріп қана қоймайды. Ұлттық сусындарымызды соңғы процеске дейін өңдеп, косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химиялық сұйықтықтар шығарады. 

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...