ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«Назар текстильде» жіп иіру цехы ашылмақ

11:34, 9 ақпан 2017

Облыс орталығындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым жұмыстары қарқын алып келеді. Мұнда 19 жоба мақұлданған болса, соның қазір 8-і ісін ілгері бастырып отыр. Солардың қатарында өрнекті кілем тоқитын «Назар текстиль» өндіріс орны да бар.

«Назар текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі былтыр ең жоғарғы жетістікке қол жеткізді. Елімізде Президент бастамасымен ұйымдастырылатын «Алтын сапа» байқауында «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша бірінші орын тұғырынан көрінді. Мақтау-марапат жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз. Сол себепті, кәсіпорынның биылдыққа жоспары ауқымды. 970 миллион теңге жұмсалған жобаның жетекшілері Елбасы Жолдауын да бірауыздан қолдайды.

Думан Якуб - «Назар текстиль» ЖШС-нің басқарма директоры

Келешекте жіп иіру заводы іске қосылатын болса, біздің өнім бағасы 30-20 пайызға төмендейді. Келешекте халықаралық көрмелерге қатыса отырып, қазақтың өнімін биікке көтере отырып, өзіміздің өнімді экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз.

Бүгінде кәсіпорын жылына 1,5 миллион шаршы метр кілем өнімдерін шығарады. Түрі жүзден асады. Олар сапасы жағынан әлем таныған алпауыт фабрикалардың өнімінен кем түспейді.

Келесбек Полат - Инженер

Бұл кілемді халық сұранысына қарай барынша сапалы етуге тырысамыз.Ою-өрнегі қазақы нақышта. Халықтың сұранысына қарап, өңдеп, шығарып отырамыз. Қазақтың қошқар мүйізді оюлары бар кілемге сұраныс көптеп түсуде.

Бәсекеге қабілетті тоқыма фабрикасы тоқтаусыз жұмыс істейді.  Соның арқасында бүгінге дейін 3 миллион шаршы метр кілем тоқыған. 130 адамды жұмыспен қамтыған. Фабрика жаңа жіп иіру цехын іске қосқан жағдайда мұндағы жұмысшылардың саны 230-ға жетеді... Бастысы, еліміздің импортқа деген тәуелділігі жойылады. Алға, Қазақстан!

СЕНБЕК Құттыбайұлы                 

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...