ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Облыста қарбыз пісті. Алғашқы өнім Ресейге жөнелтілді

15:06, 3 маусым 2017

Нағыз жаздың нышаны... Облыста қарбыз пісті. Сарыағаш шаруалары алғашқы өнімді ел аумағынан бөлек, Ресей асырып үлгерді. Жаз жемісінен көрші елдің Магнитогорск пен Белорецк қалаларының тұрғындары дәм татты. 170 тонна қарбыз Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі алқаптардан жиналған.

Бұл - 720 гектар алқапта қарбыз дәнін егіп, қара жердің қыртысын айналдырған шаруалардың жетістігі. Олар жаз жетіп, табыс молайтудың мүмкіндігі туғанына разы. 20 гектарға қарбыз еккен шаруашылық иелері әрбірінен 30-40 тонна өнім алсақ, - деп отыр.     

Алқап басына алымсақ та жетті. Тәтті жемісті сағынып, Алматыдан Дәурен Бижанов келді. Көтерме бағамен әкетіп, оңтүстік астанада саудаламақшы. Сонымен, қарбыздың нарықтағы қазіргі бағасы // келісіне 135 теңге болып отыр.  

Дихандар биыл судан таршылық көрген жоқ. Сыр маңына жақын егілгендіктен арнайы құрылғымен су тартты. Сатуда да мүмкіндіктер кең. Аудан аумағынан арнайы орын ашылмақ.

Қарбыздың ендігі партиясы  солтүстік облыстарға жолданады.  Дихандар бұл жолы  200 тоннасын жинаймыз деп отыр.  Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек, биыл 21 мың гектар жерге қарбыз егілген. 32 мың гектарда қауын түйнектеп жатыр. Ол шілденің басына таман піседі. Алдын ала есеп бойынша биыл аймақ диқандары 1 млн. тоннаға жуық қауын-қарбыз жинап, мол табысқа кенелмек.

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...