ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР

14:36, 3 мамыр 2018

Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқа тауар экспорттауда озып тұр. Бар игі іс... «Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясы» бағдарламасын іске асыру бағытында... икемделіп отыр. Үкіметтің... селекторлық режимде өткен отырысында... облыс әкімі Жансейіт Түймебаев... бағдарлама бағыттары бойынша атқарылған... жұмыстарды саралады.

Шетел нарығына шығарылған оңтүстік өнімдерінің 168 млн. АҚШ доллары - өңдеу өнеркәсібінің өнімі. Облыстан экспортқа шығарылатын тауарлардың ішінде трансформатор, насос, тыңайтқыш және құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек препараттары, кілем және кілем бұйымдары, тоқыма бұйымдары, ұн, үндік еті мен одан жасалған дайын өнімдер де бар. Олардың дені облыс аумағында орналасқан 11 индустриялық аймақта шығарылады. Айту керек, қазір облыста 168,8 млрд. теңгені құрайтын 171 жоба жүзеге асырылуда. Әзірге 10 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. 171 жобаның 75 жобасы іске қосылып, 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл жобаларға құны 43,4 млрд. теңге болатын инвестиция тартылды. Аталған аймақтардағы 5 жобаның өзі 2017 жылы 1900 тонна өнімді 7,8 млрд. теңгеге экспорттаған. Облыс әкімі селекторлық жиында отандық тауарөндірушілерді қолдап, экспорттық әлеуетті ұлғайту мақсатында өңіріміздің ет өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарын... «Халал» стандарт талаптарына сәйкес... аккредиттеудің маңызын айтты. Өйткені, өңір Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Сауд Арабия мемлекеттеріне жақын. Қазір осы бағыттағы және кедендік тосқауылдарды жою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ет өнімдерін сапалы жеткізу үшін транспорттық инфрақұрылымды жетілдіру ісі де бастау алмақ. 

Жансейіт Түймебаев – облыс әкімі

Биылғы қаңтар-ақпан айындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 478,7 млн. АҚШ долларына жетсе, оның ішінде экспорт 224,8 млн. АҚШ долларын құраған. 147.4 пайызға жетті.

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...
Облыс әкімі жол салушы компаниялардың жіберген қателіктеріп нұқып көрсетті
18:54, 9 тамыз 2017
Облыс әкімі жол салушы компаниялардың жіберген қателіктеріп...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...