ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

16:14, 1 наурыз 2018

Ордабасы - ауыл шаруашылығына бейім аудан. Дегенмен, аймақтың географиялық жағынан тиімді орналасуы өндірісті өркендетуге де мүмкіндік береді. Бұл мақсатта ауданда екі бірдей индустриалды аймақ ашылды. Ауылдық округтерде енді шағын өңдеу цехтарының ашылуына жағдай қарастырылмақ. Ал, экспортқа ұн шығаратын «Ордабасы нан» ЖШС-гінің тындырымды тірлігі көпке үлгі. Осылайша, аудан өнеркәсіп саласында көш бастауды көздеп отыр.

Ордабасы ауданында өткен жылы өнеркәсіп саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 62 млрд. 200 млн. теңгеден асты. Сөйтіп,  2016 жылмен салыстырғанда, 9 пайыздай өсім бар. 

Ғалымжан Үсенбаев - Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары

Бадам өндірістік аймағында 4 жоба іске асып отыр. Оның құны 15 млрд –тай ақша. 01,50 Қазақ-түрік индустриалды аймағында 8 жоба 15 млрд-тай ақша. Биылғы жылы 7 млрд. теңгеге 3 инвест жоба жүзеге асады.

Бұл аймақтарда соңғы екі жылда 900-ден астам жаңа жұмыс орны  ашылды. Бұл жағдай аудандағы жұмыссыздық мәселесін шешуге айтарлықтай үлес қосып отыр. «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын 2008 жылы бастады. Алғашқыда  тәулігіне 200 тонна бидай тартатын. Уақыт өте келе, өндірісті ұлғайтуға шешім қабылданды. Сөйтіп, жаңадан  заманауи үлгідегі екінші желіні іске қосты. Серіктестік Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өндіруге қол жеткізген.  Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай.  Жаңа желіні қосу нәтижесінде кәсіпорын тәулігіне 450 тонна ұн шығарып жатыр.

Марат Қалыбеков - жұмысшы

«Ордабасы нан» ұжымында 10 жылдай болды жұмыс істеп келе жатқаныма.Айлық жалақы тұрақты беріледі.  Қиын жұмыс жоқ.Бәрі жаңа технология

Кәсіпорын қазір «Қазақстан астық индустриясының» құрамына кіреді.  Дайын өнімді йод, темір және өзге де пайдалы дәрумендермен байытады.  Сапалы ұн шығару үшін бидайдың да сапасы жоғары болу керек. Сондықтан, диірменге сұрыпталған, құрамы талапқа сай бидай ғана қабылданады.

Бақыт Сапарымбетов - «Ордабасы нан» ЖШС-нің өндіріс директоры

негізінен біз Қостанай облысынан Аұқмола облысынан Көкшетаудан аламыз.Бәсекелестік болған заманда тек сапалы жақсы астық қана сұранысқа ие болады.

«Ордабасы нан»  өніміне  әсіресе, ресейліктер көп қызығушылық танытуда. Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне де өткен жылы 7 мың тоннадан астам ұн экспорттаған. Комбинат басшылары оның көлемін арттыруды көздеп отыр.

Н.Кенжехан                             

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...
Облыс әкімі жол салушы компаниялардың жіберген қателіктеріп нұқып көрсетті
18:54, 9 тамыз 2017
Облыс әкімі жол салушы компаниялардың жіберген қателіктеріп...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...