ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Отандық өнім экспортының әлеуеті артып келеді

16:00, 9 ақпан 2017

Жолдау жолындағы мiндеттердi орындауға Кентау трансформатор зауыты қазiрдiң өзiнде кiрiсiп кеткен.Отандық өнім экспортының әлеуетін арттыруда кәсіпорын көш бастап тұр.Басшылық бұл жетіктікті мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықпен байланыстырады. Сенат депутаттарымен кездескен зауыт ұжымы осылай деп отыр.

Кәсіпорын қазіргі таңда шығарып жатқан өнімінің 45 пайызын Орталық Азия елдеріне жөнелтеді. Бұл Жолдауда Елбасы айтқан отандық тауар экспорты әлеуетінің артқанын байқатады. Ұжым көрсеткішті еселей бермек. Ол үшін кәсіпорынның мүмкіндігі мол. Мемлекет тарапынан қолдау да жоқ емес.

Мемлекет қолдауының арқасында өндіріс қуаттылығы жыл санап артып, жаңа заманауи технологиялар ендіріліп жатыр. Бұл өз кезегінде өңір әлеуетінің артуына үлкен көмек, - дейді халық қалаулылары.

Бүгінде зауыт 1200-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 мегаватты трансформатор жасап шығарды. Өнімнің 350 түрін өндіреді. Мұның бәрі Елбасы саясаты мен мемлекет бағдарламалардың арқасында жеткен жетістік, - дейді зауыттағылар.

Биылғы Жолдауда Елбасы екшеген міндеттердің бір парасы аталмыш зауытта қазірдің өзінде қолға алынған. Кәсіпорын өндіріске қажетті мамандарды да өздері оқытып, дайындайды.  Бұл мемлекетке өте тиімді. 3-ші жаңғыру Қазақстанның күні бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерін ары қарай еселемек. Ел экономикасының өркендеуіне негіз болмақ. Қарапайым зауыт қызметкерлерінің пікірі осыған саяды.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...