ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі

18:46, 25 ақпан 2017

«Дені саудың - жаны сау». Адам баласының азбас қазынасы дұрыс күтім жасалғанда ғана табиғи қалпын сақтап қалмақ. Жанға дауа, емге шипа іздегендер кейде шетелдің қымбат дәрілік препараттарына ұрынып жатады. «Жарнамасы мықты. Бірақ, көпшілігінің құрамы күмән туғызатын мұндай желілік дәрілерді бет-алды қолдану қауіпті»,- дейді дәрігерлер. Осыны ескерген мамандар отандық өнімдердің көрмесін ұйымдастырды.

«Көрме» орталығында бүгін тағы да көрме. Бұл жолы орталық мамандары отандық дәрілік-препараттар мен медициналық құрылғыларды жәрмеңкеге қойды. Бас-аяғы 30-ға жуық тауарөндірушілердің басын қосқан шараға «Казмедприбор» холдингі демеушілік жасады.

Қасым Қадешов – «Казмедприбор» холдингінің сервис инженері

Біз бұл көрмеге соңғы заманауи медициналық құрылғыларымызды алып келдік. Біздің тауарлар еліміздегі барлық медициналық мекемелерде бар. Біз бұл жетістігімізбен мақтана аламыз...

Табиғи емдік қасиеті мол минералды сулар. Адам ағзасын қалпына келтіретін түрлі қоспалар. Емдік косметикалық өнімдер. Дәрілік шайлардың түр-түрі осында. Тіпті, көрмеге келген көпшілік өңірдегі емдеу-сауықтыру шипажайларының қызметімен де танысты. Денсаулық - сұлулық кепілі. Отандық өнімдердің көшін бастайтындардың сапында «Асыл Арман» компаниясының сапалы тауарлары да бар.

Ботагөз Елпанова – «Асыл арман» компаниясының өкілі

Бүгінгі мынау көрмеде көптеген тұтынушылар өздеріне сатып алу, тауармен танысудың оңтайлы жолы туып отыр. Осы арқылы біз кәсіпкерлер, тауарөндірушілер өз өнімдерімізді сатуға мүмкіндік алып отырмыз.

Ілгеріректегідей емес. Егемендік алып, еңсе тіктегелі, отандық тауарөндірушілердің бәсекелестігі артты. Ал, бәсекелестік жүрген жерде, сапа бар. Тұтынушылар таңдап жүріп, қажеттісіне қол жеткізе алады. Елдегі кәсіпкерліктің қанатын кеңге жаятын бұл үрдіс алдағы уаықтта да жалғасын таппақ.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...