ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Сайрам шұжығына солтүстіктен де сұраныс жоғары

11:39, 2 мамыр 2017

Отандық өндірістің өрісін кеңейтіп келе жатқан кәсіпорынның бірі – Cайрам ауданы Қарасу ауылында орналасқан «Алма» шұжық дайындау цехы. 10 жылдан бері өнім шығарып келеді. Облыс орталығы мен көрші өңірдің тұтынушыларын шұжықтың 45 түрімен қамтамасыз етіп отыр. Бірнеше ұлттың өкілдері тұрақты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның тыныс- тіршілігі жайында төмендегі бейнесюжетте

«Қазақстанда жасалған».  Бұл таңба үлкен жауапкершілік жүктейді. Кәсіпорын шикізат дайындау, өнім өндіру, тіпті, оны тұтынушыға жеткізу қызметіне де жауапты. Ағалы Насипов төрт жылдан бері шұжық цехында бас технолог болып жұмыс істейді. Білікті маман өнім сапасына жіті мән береді. Кәсіпорынның өз бордақылау алаңы, мал сою цехы бар. Сондықтан ет өнімдерін дайындау процесі бастан-аяқ жіті бақылауда.

Ағалы Насипов - Бас технолог

Кәсіпорынның  куаттылығы айына 30 тонна ет өндіруге жетеді. Өнім дәмді әрі сапалы болу үшін қоспаларды арнайы зертхана қызметкерлері күнделікті тексеріп отырады. Істің көзін тапқан кәсіпкер сұранысқа қарай өнім көлемін ұлғайтып, солтүстік аймақты да қамтуды көздейді.

Ақылбек Шалқаров - «Алма»  шұжық цехының басшысы

Шағын кәсіпорынның еңсе тіктеуіне мемлекеттік бағдарламаның шарапаты тиді. Жеңілдетілген несие алған кәсіпкер бүгінде қарызынан  толығымен құтылған. Цех жанынан жаңа ғимараттың іргетасын қалап, өндіріс аумағын кеңейтпекші.

ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...