ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Шымкенттің ойыншық зауыты – жаңа қоныста

15:27, 12 маусым 2017

Шымкенттің ойыншық зауыты ауқымын кеңейтті. Жаңа қонысқа көшті. Сабақты ине сәтімен деген... Халықаралық талаптарға сай бірнеше тексеруден өтіп, өнімі экологиялық таза деп танылды. Жуық арада экспортқа да шығарылады.

Рабиға Байтемірова –  «Наурыз пластик» кәсіпорнының басшысы. Бұған дейін бірнеше жыл базарда шеттен тасымалдап, ойыншық сатқан. «Бұл кәсіпті игеру біздің қолдан неге келмейді?!» деген сұрақ іскер келіншекті әркез мазалайтын.  Содан отбасымен ақылдасып, жиған-терген азды-көпті қаржысын шағын цех ашуға жұмсады.  Бүгінде кәсіпорын аяғынан нық тұрған. Оннан аса адамды  жұмыспен қамтып  отыр. Енді, индустриалды аймақтан жаңа ғимаратын салды.  

 «Наурыз пластик» санға емес, сапаға, имиджге жұмыс істейді. Стандарт талаптарын қатаң сақтайды. Шикізаттың ең таза сұрпын пайдаланады. Бастысы, олар өздері шығаратын ойыншықтың бала денсаулығына қауіпсіз, экологиялық таза болуына баса мән береді. Машраб Джанбаев бір жылдан бері осы кәсіпорында еңбек етеді. Шеттен келген құрылғының тілін жақсы меңгеріп алған. Тұрақты жалақы, жайлы жұмыс тапқанына қуанышты.

Кез келген балдырған үшін ең үлкен сыйлық, ол – ойыншық. Бұрынғының баласы  қу шыбықты ат етсе, бүгінгі баланың талғамы да, сұранысы да өзгеше. Бұл ретте кәсіпкер «өз ойыншықтарымыз арқылы балапандарға бақытты балалық шақ сыйлай алсақ, мақсатымыздың орындалғаны, еңбегіміздің текке кетпегені, – дейді.


ГҮЛЖАУҺАР Ахметқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...