ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Таудың тастақты жеріне жүзім жайқалтты

12:31, 24 мамыр 2017

Ал, төлебилік тұрғын тастақты жерге жүзім өсіріп, елді елең еткізді. Тың жоба Тасарық аулының тұрғыны Сабыржан Танабаевқа тиесілі. Еңбекқор азамат Сарыағаш, Түркістан аумағында ғана жиі өсетін жемісті енді өз аймағында өсіріп, көбейтпекші. Ал, алқап көлемі 20 гектарды құрайды

Тасарықтағы бұл төбе жайылым жер болатын. Көктемде ғана шүйгіні теуіп,  жаз түсе ағын суы тапшы жер қурайға айналатын. Жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев 10 гектар жайылымды сатып алып, жүзім еккен. Жоба жүзеге аса бастағанда бұл алқапты 20 гектарға жеткізді. Ақсудан су тартып, тамшылатып суару арқылы жүзімді  көгертіп отыр.

Бұл алқапты жайқалтуға  25 млн. теңге қаржы жұмсалған. Түркия, Өзбекстаннан тәжірибе жинақтаған шаруа интенсивті жаңа технологияны ауыл іргесінде жүзеге асырып отыр. Жүзім шаруашылығының қыр-сырын меңгергенше мамандарды да шет елден алдырып отыр.

Тыңнан түрен салған төлебиліктер алдағы жылдары «Тайпи роза» тұқымдас жүзімді өз ауданымызда жерсіндеріміз, –деп отыр. Дастарханның сәнін келтіретін бүл шырынды жеміске өңірімізде сұраныс жоғары. Бастысы, көшет тамырын терең тартып алғанша қаржы мен қайрат күшті аямау керек. Жеміс өркенін жайып алғасын өзіне де,  Үкіметке де табыс келтіреді.

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...