ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Тігін цехы Түркістандық оқушылардың бірегей формасын тігеді

12:55, 26 маусым 2017

Түркістандықтар жаңа оқу жылына бірыңғай мектеп формасын арнайы орталықтан алады. Қалада үдемелі индустриалды -инновациялық даму бағдарламасы аясында тігін цехы іске қосылған. Жеке кәсіпкер Имажанов мемлекеттен несие алып, 100 азаматқа жұмыс орнын ашып отыр.Қазір мұнда мектеп формаларынан бөлек, балалар киімдері мен күртешелер тігіледі.

Үстімдегі  күртеше жеке кәсіпкер Имажановтың тігін цехында  шығарылады. Түркістандық өнімнің сапасы жоғары. Денеге де қолайлы. Бұл цехта жылына дәл осындай күртешенің 6 мың данасы шығарылады.

Гүлжамал Даханова – Түркістан қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы

Өнім көлемі көптеу болсын деп, біз өзіміз қала әкімдігі тарапынан мектеп ұжымдары мен кәсіпкер арасында ұзақ мерзімді меморандум түздік.+бұл кәсіпорынның әлеуеті артып отыр. Өнімдерінің сапасы жоғары екені көрініп тұр. Фабрикаға алынған аппараттар мен қондырғылардың да сапасы жоғары.

Мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа алған  цех

Тігін цехының іске қосылғанына бір жылға жуықтады. 100 орынға лайықталған кәсіпорында қазір небары 20 адам жұмыс істейді. Маман тапшылығы сезіледі. Сондықтан, жергілікті кәсіптік колледж студенттерін дуальді оқыту бойынша еңбекке тарту жоспарланып отыр.

Құрмангүл Сапарбаева - Тігінші

Қазақша көйлектер тігеміз. Мектеп формалары мен шортылар тігеміз тапсырысқа қарай. Айлығымыз 45-50 мың теңге. Жаңа жұмысшылар келсе, үйретуге де дайынбыз.

Тігін цехында «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде жұмыс істеп жүргендер көп. Солардың бірі - Зухра Апакаева. Қолына тігінші мамандығының дипломын ала сала, осында келген. Үш айдан бері біраз істі игерді.

Зухра Апакаева – Тігінші

Жұмысым жақсы, осы жерде барлығын үйрендім. Әлі де үйреніп жатырмын. Құдай қаласа, алты айдан кейін осы жерге тұрақты жұмысқа қаламын деп ойлаймын. Қазіргі жалақым - 43 мың теңге.

Біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлікке мейлінше қолдау бар. Неси алып, ісін дөңгелеткен Имажановтардан жергілікті билік те  көмегін аямайды.

Көне шаһарда дәл осындай тігін цехы жоқтың қасы. Аядай ғана кәсіпорын Түркістанда шығарылатын өнімдердің негізгі брендін қалыптастыруда.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...