ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

Үздік тауар өндірушілері марапатталды

15:19, 27 мамыр 2017

Бүгін «Оңтүстік өнімдері-2017» көрмесінің жеңімпаздары белгілі болды. Қазақстан нарығында алғаш рет керамогранит өндіріп жатқан «Зерде-Керамикс» кәсіпорны жеңімпаз атанды. Түстік өңірдің 200-ден астам тауар өндірушісі қатысқан жәрмеңкеде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, жергілікті кәсіпкерлерді әлемдік бәсекелестікке төтеп бере алатын өнім шығаруға шақырды.

«Зерде-керамикс»  кәсіпорны 3 жылдан бері керамогранит өндірумен айналысып келеді. Құрылыс материалдарын Қазақстанның ірі қалаларында диллерлік желі арқылы саудалауда. Шикізаттың 80 пайызы - өзіміздің өнім. Қалған 20 пайызы Ресей мен Испаниядан әкелінеді. Ең бастысы, түстік өңірдің тауары «ЭКСПО» ғимараттарын соғуға пайдаланылып жатыр.

Бұл жәрмеңкеге “СПК Хамит» шаруашылығы да өзінің үздік тауарларын алып келген. АҚШ, Ресей, Германия сынды дамыған елдер күнгей өңірдің табиғи таза өнімдерін пайдалануда. Серіктестік балықтың 24 түрін өндіреді. Мұнда көк серке балығының филесі мен кептірілген балықтың бірнеше түрі көпшілік назарына ұсынылды.  

Сарапшы комиссия өкілдері экспозициялардың барлығын қарап, байқау қатысушыларын келесі 3 номинация бойынша марапаттады. Облыс әкімі «Үздік азық-түлік тауарын өндіруші» мен «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» иелеріне сыйлықтар табыс етті. Ел экономикасын еселеуде талмай тер төгуге үндеді.

САТТАР Есімбеков                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...