ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

«Зерде-фито» өнімдері сұранысқа ие

15:51, 28 ақпан 2017

Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болып кіруі отандық тауар өндірушілеріне үлкен міндеттер жүктейді. Олар енді тек халықаралық талаптарға сәйкес өнімдер ғана емес, бәсекелесе алатын тауарлар шығарулары тиіс. Емдік қасиетке ие өсімдік шикізатын шығаратын «Зерде-Фито» серіктестігінің басшылары мұндай міндетті еңсере алатынына сенімді. Нарықта өзіндік орны бар компания бүкіл әлемдік аренаны да бағындыруға белсене кірісіп кеткен.

Шикізат көзі өндіріс орнына Қазақстанның түкпір түкірінен, алыс-жақын шет елдерден келеді. Алдымен, тексеруден өткен өнім майдалау, елеу бөліміне жіберіледі. Дайын болған шикізат, сүзгі-қалташаларға салу, бөлшектеп өлшеу және қораптарға буып-түю бөлімдеріне келеді.

Шымкенттен шығатын «Зерде-Фитоның» өнімдеріне тұтынушылардың сұранысы жоғары. Тауар өндірушілер дәрілік шөптерді жоғары технологияда өндіреді.  Қазір мұнда өнімнің 200 - ге тарта түрі бар. Әрқайсысының емдік қасиеттері де әртүрлі.

Айта кетейік, өндіріс орны ел нарығында 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания фитопрепараттарды сату көлемі бойынша Казақстанда көш бастап тұр. Биологиялық белсенді қоспалар, «Зердейка» балалар фитошәйлары, шөп жинақтары мен «Зерде-Леди» әйелдер желісі халық арасында жоғары сұранысқа ие.

Компанияда 220 адам жұмыс істейді. Олардың күшімен жылына мың тоннадан астам өнім өндіріледі. Шикізатты сатып алудан бастап, дайын өнімдерді сақтауға дейінгі процесте сапа қатаң қадағаланады.  «Зерде -Фито» компаниясының ұжымы жеткен жетістіктермен шектелмейді. Қазақстан Республкасындағы ең үздік тауарлар қатарында болу мәртебесі өндірісті модернизациялау және де жаңа өнім түрлерін шығаруға міндеттейді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
14:36, 3 мамыр 2018
ОҢТҮСТІК СЫРТҚА ТАУАР ЭКСПОРТТАУДА ОЗЫП ТҰР
Толығырақ...
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
16:14, 1 наурыз 2018
ОРДАБАСЫДА ӨНІМ КӨЛЕМІ 62 МЛРД. 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қақты
15:01, 11 тамыз 2017
Батысқазақстандықтар оңтүстіктегі зауыттарды көріп, таңдай қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...