
Шымкентте 1 наурыздан бастап «Ozim Scooters» компаниясы әкімдік пен бірлесе самокат-шеринг жобасын іске қосуды жоспарлауда.Бұл жоба әлемдік деңгейде кеңінен таралып келеді. Бүгінде Орта Азиядағы елдер ішінде тек Қазақстанда ғана жүзеге асырылуда.
Жобаны жүзеге асыру үшін қалаға 127 млн.теңгеден астам инвестиция тартылып отыр.Бүгінгі күні самокаттарға жылдам қызмет көрсету үшін қала орталығынан техникалық база дайындалуда. Электросамокатты жалдау бағасы 1 минутына 30 теңгені құрайды, сондай – ақ абонементтер-апталық және айлық болып қарастырылған.Тұрақты 20 жұмыс орны ашылмақ.
МҰРАТ МИРКЕМЕЛОВ –«OZIM SCOOTERS» КОМПАНИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бірінші кезеңде 300 самокатты іске қосу және қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан 30 бекетін ашу жоспарлануда. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында самокаттардың жылдамдығы сағатына 25 км дейін шектелген. Экологиялық таза - барлық самокаттар батареямен жұмыс жасайтын электр қозғалтқыштарымен жабдықталған.
Мұхтар Қоқанбаев–Шымкент қалалық қоғамдық көлік және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
Қызметті пайдалану үшін сізге OZIM мобильді қосымшасына тіркелу қажет. Самокатты 18 жасқа толмағандарға пайдалануға тыйым салынады. Егер тексеру кезінде қолданушының кәмелет жасқа толмағаны анықталса, онда бұл қолданушы бұғатталады.
НазкенСкандар