ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

10 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫС АНЫҚТАЛДЫ

13:12, 4 мамыр 2021

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 8 сәуір мен 31 мамыр аралығында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық» шарасын өткізуде. Басты мақсат – заңсыз балық аулау, браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мен жолын кесу. Шара барысында 149 құқық бұзушыларға қатысты 2 млн теңге айыппұл салынған.

"Уылдырық" жедел-профилактикалық шарасы басталғалы тәртіп сақшылары облыс аумағында 10 экологиялық қылмысты, оның ішінде заңсыз балық аулаудың 6 жайтын анықтады. Браконьерлерден заңсыз ауланған 560 келі  балық, 4 қайық, 2 электр ток көбейткіш, тор және басқа да балық аулау құралдары тәркіленді. Сондай-ақ, табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Сырдария өзенінің жанындағы көлде балық аулап жүрген Келес ауданының екі тұрғынын ұстады. Полицейлер браконьерлерден 100 келіден астам сазанды, моторлы қайықты және балық аулау торларын тәркіледі.

НҰРЛАН  ТҰМАБАЕВ,   ТО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

 

Е. Бөбеев           

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...