
Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктен 10-ға жуық кәсіпкерлік нысанға зиян келген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 50 млн. теңге. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Шымкент қаласы бойынша өкілдері хабарлады.
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың айтынша, шаһарда бұзақылардың бассыздығынан 10-ға жуық кәпіскерлік нысанына зақым келген.
Нұрлан Қабыштаев - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры
Қазір қаладағы қиратылған кәсіпкерлік нысандарының шығыны есептеліп жатыр. Материалдық залдал көлемі нақты белгілі болғанда бизнес субьектілерінің шығыны мемлекет есебінен толық өтеледі.
Нұрлан Қабыштаев - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры
Зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарының көпшілігі ереуілшілер жүріп өткен А.Байтұрсынов, Д.Қонаев, Арғынбекова көшелерінің бойында орналасқан. Кейбірінің есік-терезесі сынса, ал, кейбірінің ішіндегі тұтыну тауарларын алып кеткен. Жалпы, Қазақстанда тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген залал - 88 миллиард теңге. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі мәлімдеді. 10 аймақта зардап шеккен 1091 нысанда орналасқан 920 бизнес субъекті анықталған, оның көбісі Алматы қаласына тиесілі.
Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші