ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

100-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

13:06, 10 маусым 2021

Түркістан қаласында жалпы аумағы 45 мың шаршы метр болатын 7 қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды. 735 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы көтеріліп, терезесі орнатылуда. Баспаналарды «Отбасылық банк» және екінші деңгейдегі банктермен сату және кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыс барысын пысықтады. Жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Сапаға басты назар аударуды ескертті.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында бес жыл ішінде 5 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған. Облыс орталығында дәл қазір 7,9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін 1000-ға жуық пәтер беріледі деп жоспарланған. 
Әкімшілік-іскерлік орталықтағындағы 20 қабатты тұрғын үйдің төменгі қабаттарында әкімшілік ғимараттар орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2022 жылғы шілде айында толық аяқталады. Облыс басшысы бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыруды міндеттеді.

ДИҚАНДАР ӨЗ ӨНІМДЕРІН ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЭКОБАЗАРДА САУДАЛАЙ АЛАДЫ

Түркістан қаласында салынып жатқан ЭкоБазар жақын уақытта іске қосылмақ. Бұл - дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 га.жерге орналасқан 900 сауда орны бар жаңа нысанның жалпы құрылыс алаңы 5 га. жуық. 
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген заманауи ЭкоБазардың құрылысымен танысты. 

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

дихан келіп өз өнімін сату керек. Мұндағы 200 теңгелік сәбіз астанаға барғанша шарықтап кетпеу керек.

Облыс басшысы жаңа сауда орталығында облыс диқандары үшін қажетті жағдайдың толық жасалуын айтып, жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ. Диқандар мұнда өз өнімін сата алад

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...