ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

1418 АДАМ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

13:59, 5 наурыз 2021

2020 жылдан бастап Жетісай ауданы бойынша мемлекеттік грант алғандар саны – 1418 адамға жетіп отыр. Бұл Түркістан облысы бойынша ең үздік көрсеткіш болып табылады. Осы азаматтарға мемлекет қазынасынан 786,573 млн. теңге төленді.

Мемлекеттен берілген мүкіндікті тиімді пайдаланып өз кәсібін бастағандардың бірі Әжібекова Жанар. Жұмыс пен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 айлық курсты оқыған. Бизнес жобасын сәтті қорғап, 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған. Қазіргі таңда ағаш өңдеу цехын құрып, күнделікті тапсырыстар қабылдап, өз кәсібін дөңгелетуде. Алдағы уақытта бизнесін үлкейту жоспары да бар.

Жанар Әжібекова - кәсіпкер

Арнайы мамандығы жоқ жандарды қайта оқыту қазіргі таңда даму үстінде.  Осындай курс арқылы өз кәсібін бастаған Жетісай қаласының тұрғыны  Байбосын Гүлмира. Кірісі аз отбасы ретінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 3 айлық  қайта даярлау курсынан өткен. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз 555 мың теңге гранты беріліп, тігін машинасын сатып алған. Қазіргі таңда Жанар Қайратқызы жетекшілік ететін  Avtomodakz орталығында. Қазақи үлгідегі оюлы шапандар мен камзолдарды замануи үлгіде тапсырыспен тігіп беріп отырған жайы бар.

Байбосын Гүльмира - Жетісай қаласының тұрғыны                        

Айта кетейік, мемлекет тарапынан қолдау көріп, өз жеке кәсібін ашу мақсатында төменгі пайызбен 88 адам шағын несие алған. Ал жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 1418 адам мемлекеттік грантқа ие болып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...