ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

16 ҚОЛА 7 КҮМІС МЕДАЛЬ

17:13, 11 маусым 2021

16 қола 7 күміс медаль. Бұл шымкенттік алғыр оқушылардың биылғы табысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен, оқушылар мен білім беру ұйымдары марапатталды.

Республикалық олимпиада жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығатын дүбірлі дода. Оқу жылы басталғалы бұл білім бәйгесіне Шымкенттен жалпы 12 мыңнан астам оқушы қатысқан. 4 кезеңнен тұратын білім сайысынан 23 шымкенттік шәкірт жүлделі орынға ілінді. Алғыр балаларды тәрбиелеген білім ордаларыда үздік мектеп қатарына іліккен.  

Раушан Жеренова - Шымкент қаласы «Дарын» орталығының директоры

Енді қуанышты жағдай біздің №1 Білім инновациялық лицей үздік мектеп қатарына қосылды.

Оқушылар үшін маңызы жоғары жарыс 16 пән бойынша ұйымдастырылған. Жыл бойы жалғасқан олимпиада  топтың ішінен ең талантты шәкіртті таңдауға мүмкіндік береді. Солардың бірі Нүркен Налихан. Білім-инновация" ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушысы өзі де білім ұясы да үздіктер қатарында.

Нүркен Налихан – «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушысы

Осы жеңісіме қуаныштымын

Марапаттау жиынында Шымкент қаласы Дарын орталығының келесі оқу жылындағы республикалық олимпиада және ғылыми жоба жоспарларымен бөлісті. Жеткен жетістіктермен шектелмей жоғары нәтиже көрсету жайы сөз болды. Десекте шымкенттік оқушылардың биылғы жеңісі өткен жылдармен салыстырғанда қомақты. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар