
Тәжік-Ауған шекарасында қалған 17 боздақ. Осыдан 26 жыл бұрын 7 сәуір күні " Тәжік-ауған шекарасында интернационалды міндетін атқару барысында қайтыс болған жауынгерлерді еске алу" іс-шарасы өтті. Мемориялға гүл шоғын қою рәсімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының 6506 әскери бөлімінде ұйымдастырылды.
Айта кетерлік 1993-2001 жылдары тәжік-ауған шекарасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты, моджахед топтардың көбеюіне байланысты көршілес ТМД елдердің арасынан көмек сұратылды. Сол кезде Қазақстан Республикасынан Шымкент қаласында сол кездегі жеке полк қазіргі кезде 6506 әскери бөлімінің саптық алаңынан Қазақстан елінің боздақтары интернационалды борышын атқаруға аттанады. 1995 жылы 7 сәуірде бір ауысым қызметін атқарып ауысып туған елге жол тартқан кезде, Пшехавр шатқалында әскери техника коллоннасы моджахедтермен шайқасқа түседі. Сол тең емес қақтығыста, Ішкі әскердің 17 жауынгері мерт болып, қаза табады.
Мәжит Жүсіпбаев – ҚР Ұлттық Ұланының 6506 әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жауынгерлік тапсырманы орындау барысында 7-ші рота кенеттен оппазицияның шабуылына душар болды. Ең бірінші оққа ұшқан солдаттың қолындағы уақыт 12-ні көрсеткен екен. Содан кежкі 17:30 ға дейін шайқас жалғасқан.
Іс-шараға жыл сайын сол күннің куәгерлері тәжік-ауған шекарасында қызмет еткен сарбаздар,келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, офицерлер, шақырылып елеулі іс-шараға қатысып тұрады. Бүгін сол ұрысқа тап болған 7 ротасының сарбаздары Баитаев Бахтияр мен Қойшыбаев Ербол, взвод командирі Жайлыбаев Авибулла те қайтыс болған бауырларын еске алып, обелискіге гүл қою үшін келді.
Бақтияр Байтаев - Пшехавр шатқалындағы қарулы қақтығыс куәгері
7-ші апрель күні ойдажоқта ұрысқа түсіп 17 бала қайтыс болды. 33 бала жараланды Ары қарайда өз борышымызды атқардық.
Мінберге шығып сөз алғандар іс-шараның маңыздылығы мен келешек ұрпаққа ешбір батырлық естен мәңгілікке кетпейтінін атап өтті. Іс-шара соңында ардагерлер мен әскери бөлім тарапынан бөлім аймағына 17 жауынгердің құрметіне 17 тал егілді.
К. Дүйсенбі