ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

2 805 АДАМ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

13:01, 8 маусым 2021

Шымкентта жыл басынан бері 2 805 адам түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға қоғамдық жұмыстарға жолданған. Сөйтіп межелеген жоспар артығымен орындалыпты. Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан азаматтар қызметін қалай атқаруда?

Шаһарда жастар практикасы бағытында уақытша жұмысқа орналасқан тұрғындардың бірі – Жұлдызай Жамал. Ол 2020 жылы Шымкент қаласындағы «SILKWAY» Халықаралық университетін бастауыш пәні мамандығы бойынша тәмамдаған.   Жоғары оқу орнын бітірген жас маман былтыр қалалық жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркелген.Көп ұзамай «Жастар практикасы» бойынша Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне жолданды.

Жұлдызай Жамал – жас маман

– Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мол. Оқу бітірген соң мамандығым бойынша «Жастар пратикасы», одан соң қазір «қоғамдық көмекші» ретінде уақытша жұмысқа орналастым. Жинаған тәжірибенің арқасында алдағы уақытта тұрақты жұмыс табатыныма сенімдімін.

Бағдарламаның мерзімі аяқталған соң, биыл ақпан айында аталған білім ұясында бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Қоғамдық көмекші» ретінде жұмысқа тартылып, тәжірибе жинақтауда.

Бауыржан Шәмшединұлы- Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Уақытша жұмыс орны болып есептелінетін «Қоғамдық жұмыс» –жұмыскерді алдын-ала кәсіптік даярлауды қажет етпейді және әлеуметтік бағытқа ие.  Бағдарлама  аясында жұмыс орны мамандыққа әрі еңбек өтіліне байланысты талап қоймайды.

 

Д.Өмірзақова                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...