ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

24 АДАМНЫҢ АТЫ - ҚАЗАҚСТАН

12:33, 26 қараша 2021

Елімізде Қазақстан деген есім қойылған 24 азамат тұрады. Одан бөлек, балаларын өзге қалалардың құрметіне атаған тұрғындар да жетерлік. Елімізде Қазақстанмен аттас 24 адам өмір сүреді. Атап айтқанда, Ақмола облысы мен елордада 6, Қарағанды облысында 4, Қостанай облысында 3, Шымкентте 2, Батыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарында Қазақстан есімді бір-бір азаматтан бар.

Одан бөлек, ел тұрғындары балаларының есімін ірі қалалардың құрметіне де қоятын болып шықты. Мәселен, елімізде 28 адамға Семей деген ат қойылса, 21 азаматтың есімі Алматы. Сондай-ақ, 18 тұрғынның есімі Түркістан екен. Сонымен бірге, Қазақстанда: Атырау есімді 15; Тараз есімді 14; Қостанай есімді 12; Ақтау есімді 11; Нұр-Сұлтан есімді 10; Шымкент есімді 3; Ақтөбе есімді 1; Талдықорған есімді 1 азамат тұрады. Айта кетсек, 2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша елімізде халық саны 19,1 млн. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,3 пайызға өскен. Тұрғындардың басым көпшілігі - 2,1 млн адам Алматы облысында тұрады. Түркістан облысында да 2,1 млн тұрғын бар. Алғашқы үштікті Алматы қаласы қорытындылайды, мегаполисте 2 млн адам өмір сүреді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 539,4 мың адам тұрады.

 

Автор: Г. Қалмырзақызы                                  

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...