ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

276 ОРАМ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛДАН ҚАЛМАЙ ШЕШІЛЕДІ

15:48, 14 қазан 2021

Жекенің жарығы мен ауыз суын, сондай-ақ, табиғи газын тұтынып отырған Сәуле шағынауданнындағы 276 орам тұрғындарының мемелкеттік меншікке қол жеткізетін күні алыс емес. Осы орайда қала шетіндегі елдімекенге инфрақұрылым жүйелері тартылуда. Күні кеше құрылыс басында болған қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерге жұмысты уақтында тапсыруды талап етті.

Сәуле шағынауданындағы 276 орамда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Алдымен мұнда таза су жүйесі тартыла бастаған болатын. Бүгінде 54,9 шақырым ауыз су құбыры толық салыныпты. Қазір абоненттеу мен сорғы стансасын орнату жұмыстары жүргізілуде екен. Бұйыртса, жыл аяғына жеткізбей халыққа таза су береміз, дейді  мердігер мекеме өкілі.

Әзілхан Қарсыбаев - мердігер компания директорының орынбасары

Бастапқыда жекенің жарығы мен ауыз суын қанағат тұтып отырған орам тұрғындары, бүгінде өлместің күйін кешіп жатырмыз, дейді. Қала шетіндегі шағынауданда халық саны көбейген сайын, ондағы трансформаторлар артық күшті көтере алмай жатса, ауыз судың қысымы мүлдем төмендеп кеткен. Ал, жекенің тартқан көгілдір отынын үйге дейін жеткізу үшін қыруыар қаражат қажет, дейді халық.

Тұрсын Бұхарбаев – Сәуле шағынауданы 276 орам тұрғыны

Шалғайдағы шағынаудан халқын мемлекеттік жарыққа қосу үшін биыл құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгінде жұмыстың 40 пайыздан астамы атқарылып қойыпты. Жоба бойынша 1300 жуық үй қамтылуы тиіс екен. Алайда, құрылыс келесі жылға өтпелі.

Қалияр Тілеуберген  - мердігер компанияның бригадирі

Ал, орамды табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс қазанда басталыпты. Ол үшін қазынадан 427 мил теңге қаралған. Келесі жылға өтпелі жұмыстың нәтижесінде 1300 жуық үй қамтылады деп жоспарланған. Осы орайда, шалғайдағы орамның бас жатқан жерлері де ескеріліпті.  

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ  БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
16:48, 22 қазан 2021
«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 200-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БО...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:06, 19 қазан 2021
«AZALA Coton» КӘСІПОРНЫ ТОҚТАП ҚАЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ МЕН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ АШЫЛДЫ
17:19, 18 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҒИМАРАТЫ МЕН Ө...
Толығырақ...