ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

30 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

17:30, 1 маусым 2021

«Бала болашағымыз!» Осындай атаумен Шымкенттегі «Шымқала» этноауылында 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Онда бүлдіршіндерге арнап қызыққа толы түрлі танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаланың 30 танымал тұлғасы 30 бүлдіршіннің тұсауын кесті. Салтанатты шарадан тілші сөз саптайды.

Рамазан 1 жаста. Ол Жиенбаевтар шаңырағындағы 4 перзенттің кенжесі. Енді ғана тәй-тәй басқан бүлдіршінді ата-анасы болашақта Ел басқаратын азамат болса деп армандайды. Сол ниетпен бүгінгі шара кезінде тұсауын шаһар басшысына кестірді.

Айгерім Жиенбаева – Шымкент қаласының тұрғыны

Болашақта Әкім болса, бастық болса деп армандаймыз. Сондықтан бүгін әдейі тұсауын  кестірдік...  

Тұсау кесу ден кадрлар

Негізінде бүгінгі шара бараысында балалар үйінің 1-3 жас аралығындағы 30 тәрбиеленушісінің тұсауын кесу жоспарланған. Ондағы мақсат, балалар арасында салт-дәстүрді дәріптеу. Сонымен қатар, рухани құндылықтарды ұлықтау. Өйткені, ата-салтымызда жасына толып жүре бастаған баланың тұсауын кесу бұрыннан бар.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Бүгінгі мерекемен барлық балаларды құттықтаймын. Бүгін тұсауы кесілген балалардың болашағы жарқын болсын. Ел басқаратын азамат болсын.

Тұсауы кесілген балаларға қала әкімдігі тарапынан арнайы сыйлықтар үлестірілді. Ал, мерекелік шараға жиналған өзге балалар үшін түрлі интелектуалды сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда,  «асық ату», «ләңгі тебу», «асау мәстек», «садақ атудан жарыстар өтті. Онда жеңіске жеткендерге арнайы сыйлықтар берілді. Одан бөлек, этно ауылда мереке иелері атпен серуендеп ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Ал, мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Онда қаланың өнерпаз өрендері өз өнерлерін көрсетті.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...