ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

40 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

13:27, 21 маусым 2021

«Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды. Екінші кезеңі ретінде Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілді. Жобаға 145 іс-шара енгізілген. Көне шаһарда атқарылған шаруаларды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында өткен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында мәлімдеді.

Облыс әкімінің мәлімдеуінше,  Түркістанның  негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Жалпы  445 млрд. теңгеге 257 жаңа нысан салынды. Оның ішінде жаңа халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтар, Б.Саттарханов  даңғылы қайта жаңартылған.  Еркін экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды, Түркістан қаласы толық газдандырылды, қаланың айналасында 13 мың гектарға жасыл белдеу құрылды, 3,5 млн. ағаш отырғызылды.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Жалпы Түркістан үш жылдың ішінде бірнеше бағытта дамып келе жатыр.

Алдағы уақытта кешенді жоспарға сәйкес бекітілген 145 іс-шараны жүзеге асыруға 3,9 трлн. теңге бағытталмақ. Оның ішінде жеке инвестициялар - 2,5 трлн. теңге. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда мұнай өңдеу зауыты, химия кешені, тұрмыстық техника шығаратын зауыт салынады.  Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жоспарлануда.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Ендігі бір мәселе су мәселесі  Түркістан қаласына түрік әлемі астанасы статусы берілді

Жаңа Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы ЖӨӨ-нің көлемі 3,6 трлн. тенгені құрайды. Жыл сайын 40 мың жаңа жұмыс орындары ашылады, жалпы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін болады. Ұзындығы 50 шақырымға жуықтайтын «Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы», ұзындығы 102 шақырымнан асатын «Сарыағаш қаласының айналма жолы», ұзындығы 30 шқ. «Түркістан қаласының шығыс айналма жолы», Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады деп жоспарлануда.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...