ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

5 ЖЫЛДА 170 МИЛЛИОННАН АСТАМ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

15:55, 8 сәуір 2021

Түркістан облысында көгалдандыру ісі қарқын алды. Яғни 2021-2025 жылдары аралығында облыстың мемлекеттік орман қорына 170 миллионнан астам, ал өңірдің қалалары мен елді мекендерінде 1 млн-нан астам әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мәлімдеді. Түркістан облысында экологиялық мәселелер тақырыбы қамтылған баспасөз мәслихатында көгалдандыру және газдандыру жұмыстары баяндалды.

Республикалық мемлекеттік орман қоры жерлері 26 млн гектар болса, облыстағы орман қорының жалпы көлемі 3 млн 436 мың гектарды қамтиды. ҚР Президенті өз Жолдауында Республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту 5 жылда мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд-тан астам және еліміздің қалалары мен елді мекендерінде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп облыс әкімдігі кешенді және аймақтық жоспарлар қабылдады.

Қайрат Әбдуалиев - Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Уалихан Қайназаровтың айтуынша, өңірде 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген. Облыс аумағында тұрғындар санының артуына байланысты, тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі де көбейген. Былтырғы жылдың қорытындысымен жалпы 122 мың 771 тонна қалдық жинақталып, оның 15 мың 962 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған. Сондай-ақ, 2020 жылы 1 полигонның, биыл тағы  5 полигонға  құрылыс жұмыстары жүргізілуде.        

Уалихан Қайназаров - Түркістан облыстық экология департаментінің басшысы

Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барлық 11 кезеңі аяқталып, тапсырылған. Нәтижесінде 52 мың 37 абоненттің 25 мың 500 абоненті газға қосылған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 843 елді мекеннің 802 елді мекенін  газдандыру жоспарлануда.

 

Нұрсұлатан Мұхамеджан                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...