ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

5 ЖЫЛДА 85 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРЕДІ

13:45, 6 мамыр 2021

Шымкентте мектеп тапшы. Жылдан-жылға бала саны көбейіп, білім ұяларына деген қажеттілік артып келеді. Қазір қалада жаңадан 4 мектеп салынуда. Оқушы саны артып отырған өзге мектептерде қосымша ғимараттар бой көтеріп жатыр. Жалпы 5 жылда 85 мектептің құрылысы жүреді. Тақырыпты құрылыс алаңдарында болып қайтқан тілшіміз Мақпал Рысбаева жалғастырады.

Бұл Тұран шағынауданында жаңадан салынып жатқан 1 мың 200 орындық мектеп. Былтырғы шілде айында құрылысы қолға алынған білім ұясының ғимараты тамыз айында тапсырылады. Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ауласы абаттандырылса, жаңа оқу жылына сақадай сай болып шыға келеді, дейді мердігер. 

ҚУАТЖАН ТАЛИПОВ, УЧАСКЕ БАСШЫСЫ    1/07 « Жұмыс күші алдыңғы уақытта 30 адамнан басталған қазір мұнда 180 адам жұмыс істеп жатыр. Құрылыс материалдарының 80 пайызы Шымкентте өндірілген....»

Қазір Шымкенттегі Сайрам тұрғын үй алабы мен Тоғыс елдімекендерінде  де  су жаңа мектептердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал, оқушы саны  шамадан артып кеткен  білім ұяларының мәселесі қосымша ғимараттар салумен шешілуде. Салаға жауаптылар нысандардың сапасы талапқа сай шығуы үшін  жан-жақты қадағалау жүргізудеміз,деп сендірді.

ДӘУЛЕТ БЕКМҰРАТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ  МАМАНЫ 1/20   «Биылғы жаңа оқу жылына 4 2020 жылдан  өтпелі болған 4 мектеп пайдалануға беріледі. Қазір барлық нысандар өндірістік кестеге сай келе жатыр... »

Жыл соңына дейін Шымкентте  тағы 5 мектептің құрылысы қолға алынады. Бұл нысандар келесі жылға өтпелі дейді салаға жауаптылар. Оған қоса жекеменшік әріптестік аясында да мектеп құрылысы жүргізілмек.

 

М.Рысбаева

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...