ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

582 шақырым кәріз құбыры тартылуда

15:52, 4 маусым 2021

Шымкентте 582 шақырым кәріз құбыры тартылуда. Қаланың инфрақұрылымын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар 19 шағынауданда жүріп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бақылауындағы бұл жұмыстың басым бөлігі келесі жылға өтпелі.

«Тассай» шағын ауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары мамыр айында басталды. Ұзындығы 115,2 шақырымға созылған мұндағы кәріз құбыры толықтай қала шетіндегі елдімекен тұрғындарын түгел қамтымақ. Бүгінде көшелер қазылып, құбырлар тасталуда. Бұл жобаның жалпы құны 2 244,8 млн.теңге.  

Ермек Қалдыбеков – «Сарыағаш - Аман» ЖШС өкілі

Қазіргі таңда кәріз құбыры қаланың 19 шағынауданына тартылуда. Биыл оның 5 елдімекеніндегі құрылыс аяқталып,  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде, 18 мың халық тұратын үй алабтары кәрізге қосылады деп күтілуде.

Боранбай Булатбеков - Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық  шаруашылық басқарамсының басшысы

Ал, «Самал-3» шағын ауданындағы кәріз құбырының ұзындығы 37 шақырымға созылған. Мұнда, 4 мыңнан астам үй жобада бар. Нысан келер жылға өтпелі. Бүгінде 4 көшенің құрылысы тәмәмдалуға жақындап қалыпты.

Асылхан Отарбаев  - учаске бастығы

Шымкентте дәл қазіргі таңда  сарқынды су жүйесіне қосылу көрсеткіші 52 пайызды құрауда. Алдағы уақытта биылға жоспарланған 5 нысанның құрылысы аяқталатын болса, бұл көрсеткіш 2 пайызға ғана өспек. Ал, келер жылдары қалған 14 нысанның жұмысы жоспарлы түрде жүзеге асса, көрсеткіш көлемі бірден 75 пайызға бірақ жететін болады.

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...