ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

6 БАҒЫТ АШЫЛЫП, 100 АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

17:49, 1 маусым 2021

Шымкенттің жолдары тағы да жаңа қоғамдық көліктермен толықты. Мегаполисте жаңа 6 бағыт ашылып оған 100 автобус қосылды. Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып тасымал компания өкілдерімен кездесті.

Бүгіннен бастап іске кірісетін қоғамдық көліктер барлық талаптарға сай заманауй құралдармен  жабдықталған. Көліктердің жүрісін реттейтін  арнайы  ЖПС апараттары мен  төлем құрылғылары орнатылған.  Автобустарда аптап ыстықтан қорғайтын кондиционер де бар.  Шаһар басшысы  Мұрат Әйтенов жыл соңына дейін қаладағы бағыттарға тағы  290 жаңа көлік енетінін жеткізді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Өздеріңіз білесіздер өткен жылы 150 қостық жыл басынан 50 қостық енді 290 қалды нәтижесінде қоғамдық көлік көрсеткішін 80 пайызға жеткіземіз.

Жаңадан қосылған алты бағыт қалаға кейін қосылған тұрғын алаптарды орталыққа жақындата түсуге бағытталған. Мәселен  ШымСитиде тұрындар саны күн санап артып келеді. Сондықтан  108, 150-ші автобустарға қосымша жаңадан  9-шы бағытты беріп отыр. Ол қалашық пен Автонұр базарын жалғайды. Көліктердің арақашықтығы  10 минут. Ал Самал мөлтекауданы мен  темір жол вокзалының арасына 37-ші бағыт енгізілді.   57-бағыт  Қайтпас пен Самалдың арасын жол қылады.  68 болса  Гагарин көшесі мен Шығыс мөлтекауданын жалғайды.

Ержан Жолдасов – Шымкент қалалықжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Востоктағы азаматтар Гагарин қорғасын хамзаға дейін жете алады. Одан кейін рысқұлов көшесі мен мұнай базасы.  Кешенді схеманың негізгі мақсаты  қаладағы шеткі ауылдарды ішке кіргізу. Алып келуші радиалды қала ішілік маршруттарды.

Қала әкімі  Мұрат Дүйсенбекұлы тасымал компания өкілдеріне қызмет сапасын басты назарда ұстауды қадап айтты. Үшінші мегаполис тұрғындары мен қонақтарына барынша  жайлы жағдай жасау керектігін ескертті. Бірінші кезекте көлік жүргізу ісі мен  қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру керектігін жеткізді.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...