ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

7 МАМЫР ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!

17:18, 6 мамыр 2021

Осыдан 29 жыл бұрын 7 – мамыр күні еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ұлттық қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Ал, 2012 жылы елімізде айтулы дата Отан қорғаушылар күнін болып белгіленді.

Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқанына айналған айбынды әскері бар. Дер кезінде қабылданып жатқан заманауи реформалар әскери қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, шекараның тұтастығын, ел халқының тыныштығы мен қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге бағытталған. Ел жастары осындай әскер қатарына қабылдануды мәртебе көреді. Күштік құрылымдардағы алғашқы қадамдары отан алдындағы борыштарын өтеуден басталады.

Қалыптасқан дәстүрге сай Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімінің командирі бұл күні кәсіби мереке иелерін құттықтады. Сондай-ақ қызметінде ерекшеленгендерді салтанатты түрде марапаттап, сарбаздарды Отан алдында адал қызмет етуге шақырды.

Бауыржан Қабылбеков – бөлім командирі

Биыл аталған қошемет шараларының бірқатары болмайтыны айтпасақ та түсінікті. Қатерлі індет әкелген төтенше жағдай әдеттегі ұлықтау салтанатына шектеу қойды. Дейтұра бұл күні отанқорғаушылар назарсыз қалмайды.  Олардың құрметіне онлайн шаралар өткізіліп, ер азаматтар мерекені үйлерінде қарсы алып, жақындарының  құттықтауларына бөленетіні анық. 

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...