
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар шағын ауданындағы №89 мектеп-лицейіне барып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты. Қаладағы №89 мектеп-лицейі 2011 жылы пайдалануға берілсе, 2012 жылдан бастап экологиялық бағытта білім беріп келеді. Қазіргі таңда мектепте 2223 оқушы мен 187 мұғалім бар.
Мектеп ғимаратын аралаған қала әкімі шахмат үйірмесінің жұмысымен танысты. Білім мекемесі 2012 жылы балаларға шахмат үйретуді қолға алған. Үйірмеге1-11 сынып аралығындағы 220-дан астам оқушы қатысады. Одан бөлек, бастауыш сыныпта денешынықтыру пәніне шахмат сабағы қосылды. Шахматтан әлем чемпионы, еліміздің мақтанышы Жансая Әбдімәлік үйірме қатысушыларына шахматтан шеберлік сабағын өткізіп, болашақта чемпиондар тәрбиеленіп шығуына тілек білдірді.
Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі
2018 жылы №89 мектеп-лицейі республика көлемінде оқушылардың шахмат үйренуіне және оларға жасалған қолайлы жағдай бойынша үздік деп танылған. Айта кетейік, оқушыларды теориялық білім мен тәжірбиені ұштастыра отырып ғылымға баулу мақсатында қалада 13 мектепте типтік үлгідегі жылыжай орнатылған.