ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ

18:34, 10 тамыз 2020

Киелі Сайрам жерін «Түгін тартсаң майы шығатан алтын аймақ деп тегеннен тегін айтпасақ керек. Олай болатын да жөні бар. Өйткені қазір бұл өңірде де елдің әлеуметтік- экономикалық тұрмысын артыруға арналған сан алуан жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, халықтың рухани, мәдени өміріне де арналған тың жобалар жүзеге асуда. Мәселен, осы ауданға қарасты Қарамұрт ауылындағы орталық көшеге дана Абайдың қара сөздері толықтай жазылып, ол көрнекті жерлерге ілінген. Ұрпаққа ұлағат болар бұл жұмыстар ауыл халқының күшімен жасалған.

Шындығында Сайрам өңірінде мақтан тұтып,  өзгелер үлгі алатын істер жетерлік. Мәселен, осы ауданға қарасты Қарамұрт ауылында ең көрікті көше, ең үлгілі аула деген сияқты атаулармен жарыса тіршілік кешетін дәстүр бар. Бір ерекшелігі, ауылға көрік беретін ондай  дүниелер көп жағдайда ауыл тұрғындарының өз күшімен атқарылады. Соның бір айғағы, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай көшелерге  кемеңгер ақынның барлық қара сөздері жазылып, ілінген.

Мамуржан Нажиев  – Қарамұрт ауылының әкімі

(Біздің ауылдың бір ерекшелігі, көп жағдайда ортадан бірігіп, ортақ нәрсені жасауға ұмытылып тұрамыз. Бұл тақтайшалар да тұрғындар көмегімен жасалды. Бұл бізде үрдіске айналған)

Өте көрнекі етіп ілінген бұл жазбалар көшеге  тек көрік беріп қана тұрған жоқ. Сонымен қатар Абай бабамыздың бұл даналық сөздері  біз сияқты жастарға   үлкен ой салып,  мықты тәрбие құралына да айналып отыр дейді, - жас ұрпақтар.

(Біз жастар көшеде көбіне жаяу жүреміз. Сонда  Абай атамыздың осы сөздерін оқығанда, барлық нәрсеге ұқыппен, сабырмен қаруды ұ,ғынып, тіпті,      қолымыздағы болмашы нәрселерді кейде көшеге тастай салуға ұяламыз)

Қарамұрттың қай көшесіне барсаңыз  да тап-  таза,  әрі жинақы. Және өсіп тұрған сан алуан өсімдіктер. Ал енді оған қосымша ілінген мына жазбалар, шындығында  өзгелердің үлгі алатындай –ақ  іс  екен, - дейді белгілі журналист Мухтабар Усманова.

Мухтабар Усманова – журналист  «Қаншама жерді аралап жүрміз. Мұндайды көрмедік. Ал мынау дегеніңіз- шындығында керемет.. Бұдан үлгі алу керек.

Мұхтар Атабек  -  тілші

Тақырып бойынша материалдар

«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ТУРНИРІНЕ 12 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ
15:04, 28 қыркүйек 2020
«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ» ТУРНИРІНЕ 12 КОМАНДА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...