ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АЙБЫНДЫ ӘСКЕР - ЕЛ ТІРЕГІ !

13:17, 4 мамыр 2021

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Шымкентте игі бастама қолға алынды. Қала аумағында ата-атанысының мақтанышына айналған сарбаздардың бейнесі билбордтарға ілінуде. Ондағы мақсат отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті қолға алған шара жайлы тілші тарқатады.

Жалпы қала аумағында маңызы бар көшелерге  дәл осындай  6 баннер орнатылған. Мұндай көріністі көрген сарбаздардың ата-анасының қуанышында шек жоқ. Айта кетейік, бұл игі бастаманың мақсаты - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, елге адал қызмет етуге шақыру.

Маржангүл  Мырзамұратова-  Үлгілі сарбаздың анасы

Бұл салтанатты  көрген жас сарбаздардың бірінің әкесі Қадірхан Бекбосынов. Ол өз ұлының нағыз жігітке тән әскери салаға таңдау жасағандығына бүгін шын қуанды. Оның айтуынша, әрбір азамат елін жерін қорғауға міндетті. Сондай-ақ сарбаздардың еңбегін елеп жатқандарға алғысын жеткізді.

Қадірхан Бекбосынов – Үлгілі сарбаздың  әкесі

Қазіргі таңда Шымкенттегі әскери бөлімшелерде 350-ге жуық сарбаз қызмет етуде. Олардың көбі өз саласының мақтианыштары. Айтып өтейік, еліміздегі пандемияға байланысты биыл Отан қорғаушылар күні  тойланбайды. Бірақ карантин талаптарын сақтай отырып, түрлі іс-шаралар өтетін болады.

 

Айдана Қуанышқызы                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...