ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНА 110 ЖЫЛ

16:50, 5 мамыр 2021

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы болған «Айқап» журналының жарық көргеніне биыл 110 жыл. Осаған орай журналдың тарихынан сыр шертетін арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. Шымкенттегі «Студенттер алеясында» өткен шараға тарихшылар, жазушылар, архив қызметкерлері мен студенттер бас біріктірді.

 «Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айынан бастап жарыққа шықты. Журналды елі десе емешегі езіліп, жұрты десе жүрегін жұлып беруден таймайтын ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы Мұхамеджан Сералин басқарды. Сондай қиын-қыстау заманда қазақ тілінде журнал шығару оңайға соқпағаны хақ. Мұхамеджан Сералин журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинап жүріп шығарған.

Гүлнәр Жанысбекова – М. Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы

Мұхаметжан Сералин ағамыздың қазақ халқының арасында жаңалықты кең тарату мақсатында алғашқы іс-әрекеті. Қазақ журналистикасының атасы азғантай алған білімімен ақ елдің санасын қай ашсам, рухын қалай көтерсем деген әрекеті ғасырлар бойы аталады.

«Айқап» журналының беттерінде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, СпандиярКөбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды халқымыздың біртуар қаламгерлерінің еңбектері тұрақты жарияланып отырған.«Әй қап»  деген  сөзден басталған бұл журнал бар-жоғы төрт жылға созылған қысқа ғұмырында қазақ халқының ең өзекті деген мәселелерін  көтерген.

Момбек Әбдәкімұлы – жазушы, шежіреші

Сол кездегі мәселелер өткір мәселелер дәл қазір көтеріліп жатыр. Жер, тіл, ғылым мәселесін көтерген. Қазір жастар техникалық ғылымнан бас тартып жатыр. Сол кезде техника ғылымының пайдасы жайлы айтқан.

Сол замандағы зиялылар идеясы, ой-армандары көксегені тәуелсіздік болатын. Шын мәнінде қазақ баспасөзін зерттеп зерделеу еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге басталды. Ал тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Айқап» журналының 110 жылдығын атап өту- ұлтымыз үшін биік мәртебе.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...