
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі. Соған орай, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы өңірдегі түрлі салада жетістікке жетіп жүрген 20-дан астам қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Олардың арасында спорт, мәдениет, медицина, кәсіпкерлік, білім, журналистика саласының өкілдері мен көпбалалы аналар бар. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ардақты аналар мен қайсар қыздарымыздың қоғамды дамытудағы еңбегі зор екеніне тоқталды. Айта кетейік, өңірде «Nur Otan» партиясының 85 мыңнан астам мүшесі бар. Оның елу мыңдайын әйелдер қауымы құрайды.
Таскүл Махмудова- Зейнеткер
Түркістан облысы болды дегеннен бастап, қуанып, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қызмет істеп жатырмыз. Облыс басшысы тапсырма беріп жатыр бізге де. Біз де араласып жатырмыз. Оның бәрі игідік үшін. Мына қыздарға айтатыным, келекшектің бәрі алдымызда. Жарқыраған күн шығып жатыр. Рахмет!
М.ӘСЕМБЕК