ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АЛАҚАНДАЙ ЖЕРДЕН МОЛ ТАБЫС ТАБУДА

13:26, 4 мамыр 2021

Алақандай жерден мол табыс табуға болады. Ордабасы ауданы Қарақұл елді мекенінің тұрғыны Самат Сұлтанов жарты соттық жерден 800 келі қияр өндірген. Кәсіпкердің мұндай өнімді жылына төрт рет жинай алады.

Самат Сұлтанов жастайынан жер еміп өскен дихан.  Қызанақ қияр өсірудің қыр-сырын бала күннен біледі.  Дегенмен жылыжай соғып қыстың күні көкөніс өсіруге мүмкіндігі болмай келген еді. Енді мемлекеттік бағдарламаның арқасында арманына қол жеткізді. Былтыр қайтарымсыз қаржы ұтып шағын жылыжай соғып алды.

Самат Сұлтанов- кәсіпкер

Былтыр бизнес бастауда оқып 555 мың теңге қайтарымсыз қаржы ұтып алдым.  Былтыр алғаннан бастап жаңа жылға дейін бір рет қияр егіп жинап алдым. Екі рет редиска алдым. Енді екінші рет қияр алып отырмын

Ордабасы ауданында мұндай жобаны жүзеге асырғысы келетіндер көп көрінеді. Тамшылатып суғару, бір жерден жылына екі-үш өнім алу жобаларыда көптеп жүзеге асуда. Аудандық ауыл шаруаашылығы бөлімі басшысының айтуынша жыл соңына дейін шағын кәсіпкерліктің саны еселеп артқалы тұр. 

Әбілдә Әлібеков – Ордабасы  аудандық  ауылшаруашылық  бөлімінің басшысы

Жалпы Ордабасы ауданы бойынша үйіргелік жылыжайды дамытамыз деп отырған 314 үміткеріміз бар. Жылдың соңына дейін осындай жобаны жүзеге ендіретін болады.

Биыл Ордабасы ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға ниетті шаруашылық саны 257-ге жетті. Олар қазіргі таңда 524  гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есеге артық. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Ордабасы ауданында  ауыл шаруашылық саласын дамыту жүйелі жүзеге асырылуда.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...