ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АЛҒАШҚЫ ӨНІМДЕР ЖИНАЛУДА

13:13, 17 маусым 2021

Шыбық шаншысаң шынар өсіп шығатын Сайрам жері шынында да берекелі жер. Сондықтан да мұнда диқаншылық қатты дамыған. Бүгінде бұл шаруаны үлкен кәсіп ретінде игеріп алған жұрт аз емес. Солардың қатарына көлкенттік шаруаларды да жатқызуға болады. Жер емген диқандар қазір алқаптағы алғашқы өнімдерін жинау үстінде.

 «Көз қорқақ, қол батыр» деген. Қандай кәсіп бастасаң да оның қиындығына мойымай, тер төге еңбектенген жөн.  Еткен еңбектің қашан да өтеуі болары  анық. Міне, осы  қағиданы ұстанған көлкенттік диқандар да   қиындықтан қайтпай, аптап күн астында талмай еңбек етуде. Олар биылғы бірінші өнім – картоп жинауға кіріскен.

НАЗЫМ ХАШУРТАЕВ  - ШАРУА

Мұндай жерде егілген өнімдер  қашан да сұранысқа ие. Сондықтан шаруалар жинаған өнімдерін қайда өткіземіз деген қиындыққа душар бола қоймайды.   Сондықтан қазір әрбір шаруа табыстан айырылып қалмауы үшін, жоспарын тиянақты жасауға тырысады.

МҰХТАР АТАБЕК - ТІЛШІ

Алқаптарда     әлі де қазылатын картоп өнімдері жетерлік. Ал одан кейін пияз қазу басталады.   Дегенмен, оған дейін біршама уақыт бар. Бірақ бұл аралықта  баудағы алмалар піседі.  Ауыл тұрғындарының күші соған тартылып,  бұл тұста алма теру науқаны да қыза түспек.

ЕРКІН ХАШУРТАЕВ-  БАС МАМАН

Міне,  бір ғана ауылдағы маусымдық жұмыстар жайы осылай. Бұған қарап, еңбек етемін деген жанға  қайда да болсын жұмыс бар екенін аңғаруға болады. Ал жұмыс бар жерде табыстың да болатынын  ескерген жөн.

 

М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...