ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕСЕ НЕ БОЛАДЫ?

15:40, 8 сәуір 2021

Елімізде ажырасатындар саны жылдан-жылға артып бара жатқанына байланысты алимент мәселесі өзекті. Нарық заманында жалғызбасты аналарға да бала асырау оңай емес. Өкініштісі, әкелердің дені ай сайынғы табысын балаларымен бөлісе бергісі келмейді. Алименттің түрлері мен жауапкершіліктен қашатындарға қолданылатын жаза жайында әріптесім Айдана Қуанышқызы баяндайды.

Кез-келген бала некесіз, не заңды некеден туған болсын, алиментке құқылы. Тіпті, заңды түрде ажыраспай-ақ бірге тұрып жатқан әйелдер баласы үшін отағасынан алимент өндіре алады. Биыл Шымкент қаласында сот орындаушылардың көмегімен алимент өндіру туралы 10 251 атқарушылық іс қозғалған. Оның ішінде 4107-сі борышкерлердің табысынан ұсталса, 5 337-сі өз еркімен төлеуде.

Айнұр Исабекова – Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары

Егерде борышкер өзінің тиісті міндетін 3 айдан астам уақытта орындай алмаса, әлеуметтік өндіру істерді проблемалық санатқа жатқызамыз. Бұл бойынша сот орындаушы мәжбүрлілік шараларды қолданылады.

Тұрмысы төмен болса да алиментін уақытылы төлейтін адал борышкерлер де бар. Олардың  жұмыссыздықтарын мен тұрмысын ескеріп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтып, кәмелетке толмаған балалары үшін алименттің өндірілуіне ықпал жасалуда. Өткен жылы өңірімізде 421 борышкер жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 235-сі екі қолға бір кұрек тапқан болатын.  

Айнұр Исабекова – Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары

Егерде борышкердің тұрақты жұмысы болмаса сот орындаушы оны жұмысқа тұрғызуға тырысады. Ол үшін борышкерге жұмыспен қамту орталығына жүгініп, жұмыс іздеуші ретінде тіркеледі.

2020 жылы 145 борышкер алиментті төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, биыл мұндай шара 70 борышкерге қолданылды. Оның 47-сі қамаққа алынса, 23-не айыппұл салынды. Ескеретін жайт, ерлі-зайыптылар ажыраспай-ақ, баласы үшін алимент талап етуіне болады. Тек жолдасының үстінен «балаларды асырап бағуы үшін үйге қаржы әкелмейді» деп сотқа шағымданса болғаны

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...