
Шымкентте баласына берілуі тиіс алименттік төлемей жүрген әкелер саны азаймай тұр. Оған дәлел қалада 697 әке баласына тиесілі алименттен жалтарып жүргені анықталды. Тек қана Әль-Фараби ауданы бойынша 217 адам бар дейді мамандар. Осы уақытқа дейін, заңға көнбегендерге енді жерде мәжбүрлі түрде өндіру жұмысы басталды....
Әль-Фараби ауданына қарасты сот орындаушылардың өндірісінде алимент берешегін өндіру туралы 2727 іс тіркелген. Оның 52 сі аяқталған болса, 12 сін нақты сот орындаушылармен орындалған. Қалған 2516 іс қаралуда. Ал алимент төлеуден жалтарғандарға мамандардың айтары 3 айдын ішінде төлем жасалмаса онда қылмыстық жауапкершілікке тартылатының айтты. Жыл басынан бері ҚР-ның ҚК-нің 139 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру біріңғай тізіміне 7 іс құжат тіркелген. Қазіргі таңда 5 қылмыстық іс сотқа жолданып, 4 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шыққан. Ал 1 қылмыстық іс жәбірленушімен татуласып, келтірілген шығынды қалпына келтіруіне байланысты жиналған алимент берешегін толық төлеп сотқа дейінгі іс тоқтатылған.
Айтып өтейік, алиментке байланысты өндіру шаралары прокатура тарапынан қатаң бақылауға алынды. Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Сонымен қатар балаларын күтіп бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға қаражатты толық және уақыттылы төлеу маңызды дейді мамандар. Әйтпесе қылмыстық іс қозғалып, темір тордың артынан бірақ шығуыңыз мүмкін.