ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

АЛМАТЫДАҒЫ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСЫ БАР КҮДІКТІЛЕР ҚҰРЫҚТАЛУДА

17:09, 11 қаңтар 2022

Түркістан облысының полицейлері Алматыда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, қаруы бар қылмыстық топты құрықтады. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Термез-Ташкент тас жолындағы Ақтас блокбекетінде «Тойота» маркалы автокөлікті тексеру барысында күдікті 3 азаматты ұстады. Олардың ұялы телефондарынан лаңкестік әрекеттерге қатысы бар екендігін дәлелдейтін бейнежазбалар анықталды. Сондай-ақ, олардан тапанша тәркіленді.

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді. Ұсталған азаматтар Сарыағаш және Келес ауданының азаматтары екендігі белгілі болды.  Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. //

Сондай-ақ, Жетісай ауданындағы блок бекетте полиция қызметкерлері "Лада" маркалы автокөлікті тоқтатып, күдікті азаматтарды ұстады. Тәртіп сақшылары 3 жолаушыдан түрлі үлгідегі 11 ұялы телефонды, 2 ноутбук пен зарядтау құрылғысын тауып алып, тәркіледі. Ұсталған жастардың Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды. 5 қаңтар күні кешқұрым уақытта олар Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде тұрмыстық техниканы сататын дүкендердің бірін тонап кеткен. Сонымен қатар, аталған қылмысқа қатысы бар Түркістан облысының тағы екі тұрғыны аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандардың барлығы қамауда.

Салтанат Қаракөзова – Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...