ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

АЛТЫН КҮЗ -2021

17:41, 23 қараша 2021

Еккен өнімдерін қысқа қалдырмай жинап алып, көңілдері жайланған ордабасылық шаруалар сабан тойын тойлады. Биыл облыста мал азығын дайындау бойынша алдыңғы қатарға шыққан бұл аудан, өзгеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруденде өзгелерден оқ бойы озық тұр. Осы орайда, салада бірқатар көрсеткіштермен көзге түскендер марапат биігінен көрінді.

Қамбаларын астыққа толтырған ордабасылық дихандар дән риза. Бәрі де көңілді, арқа-жарқа күйде «Алтын күз» мерекесінде бас қосты. Солардың бірі, Қарақұм ауылының тұрғыны Мәлік Бейсенбаев. 10 гектар жерге жүгері, жоңыршқа және де көкөніс өнімдерін егіп отырған шаруа мал бордақылаумен де айналысатынын айтады. Биылғы жылы бірқатар кедергілерге қарамастан ойдағыдай өнім алдым, деп дихан дән риза.

Мәлік Бейсенбаев – Қарақұм ауылының тұрғыны

Ордабасы ауданы биылғы жылы облыс бойынша жеке инвеститция тарту жағынан алға шығып отыр. Сондай-ақ, мал азығын дайындау мен жүгері, мақта шаруашылығын дамытуда да өзгелерден оқ бойы озық тұр. Осы орайда, ағымдағы жылы 65 300 гектар жерді игеру жоспарланса, 10 айда 66 500 гектар жер игеріліп жоспар артығымен орындалған.

Бағлан Батыршаев – Ордабасы ауданының әкімі

Аталмыш ауданда биыл 17 мың тонна ет, 37 мың тонна сүт, 8 мил дана жұмыртқа өндірілген. Бұл ретте «Ордабасы құр» фабрикасының жұмысын атап айтпасқа болмас. Ауданның экономикасына елеулі үлес қосып отырған кәсіпорын, жылына 10 мың тонна құс етін шығаруда. Биыл ауданда тағы да екі құс фабрикасы іске қосылыпты.

Амангелді Оспанов – Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы 

Ордабасы ауданы бойынша 212 мың гектар жер бар болса, оның 85 мыңнан астамы егістік алқап екен. Ал, оның 33 мыңнан астамы суармалы жер. Осы орайда, қуаңшылықтан құтылу жолының бірден бір көзі  канал тазалығы деп топшылған жауаптылар,  бұл тығырықтан тамшылатып суару әдісі арқылы да шықпақ ниеттерінің бар екендігін де жасармады.

 

Автор: Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...