
Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, тыл еңбеккерлері мен көп балалы аналарды мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Әр отбасының ұйытқысы болған аналарымыздың үйлеріне арнайы барып, отбасыларына мол береке, бақыт, шаттық, денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Ақ жаулықты аналарымыз да ризашылықтарын айтып, жұыстарына табыс тілеп, ақ баталарын берді. Табиғаттың тамаша мерзімінде қала, ауылдық округтерде жалпы 500 анаға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.
Ұ.Байниязова