ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

АНАЛАР ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

12:24, 23 қараша 2021

Қазақстанда бала тууына және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны ХҚО-ға бармай-ақ ресімдеудің бірнеше тәсілі бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді. Жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш беріп, рәсімдеуге болады екен. Ол үшін аталған мобильді қосымшаға кіріп, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайды.

Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі. «Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ жақында бізде экстерриторриялды қағидат енгізілді. Баланың туылуына байланысты жәремақыны енді тұрғылықты жеріне қарамастан, кезкелген ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады», - деді Алтынай Татаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілі.Көрсетілетін қызмет түрі тегін.  Жәрдемақыға өтінішті бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде тапсыру қажет.

 

Автор: Г. Қалмырзақызы                   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...