
«Шымкент-цирк: Аңдарсыз жаңа бағдарламалар». Осы тақырыпта ақпараттық-комуникациялық орталығында брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде «Шымкент-цирк» мекемесі директорының міндетін атқарушысы Нұрлан Әділханов республикалық тәжірибе алмасу жұмыстары мен «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасының үшінші мегаполисте басталғаны туралы баяндады.
Шымкент қаласының циркі биыл өзінің 10 жылдығын атап өтеді. Әлемдегі ең жас цирк ұйымы болғанына қарамастан әртістер халықаралық байқаулар мен фестивальдерден жүлделі орындардан көрініп келеді. Бүгінде цирк жағдайын жақсарту, аталған экспериментті тәжірибе жүзінде қолдану мақсатында республика көлеміндегі эксперт-мамандарды арнайы шақырып тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы наурыз мерекесіне орай цирк майталмандарымен канадалық «Дю Солей» циркінің үздік әдістемелерін пайдаланып, ұлттық колоритті сақтап, жаңа қойылым дайындап мерекелік іс-шарасын өткізбек ниетте екендігін де мекеме басшысы айтып өтті.
Нұрлан Әділханов - «Шымкент-цирк» МКҚК директорының міндетін атқарушысы
- «Шымкент-цирк» алдағы уақытта клоунада, шапито, джигитовка, каскадерлік, жонглерлік және эквилибристика, әуе гимнасттары бағыттарында жұмыс жасайды. цирк қойылымдарына билеттер онлайн касса арқылы сатылымға шығады.