ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

АРА ҰЯЛАРЫН ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЛҒАН АРБАҒА 20 КЕЛІ МАРИХУАНА ЖАСЫРҒАН

12:31, 25 қараша 2021

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау мен тасымалдаған күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы брифингте облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов мәлімдеді.

"Бізге Сайрам ауданында белгісіз біреу есірткіні сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайтты ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі "есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша СДТБТ-ға тіркедік. Сондай-ақ күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-тергеу тобын құрдық. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІҚБ қызметкерлері күдіктіні, яғни Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар 1 қап пен полиэтилен пакетін таптық. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған арбада сақтаған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 20 келіге жуық марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бүгінде облысқа есірткі заттарын жеткізу арналары анықталуда", - деп қорытындылады полиция подполковнигі Құрманбек Сахов. Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 5 тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеп, 55 есірткі сатушыны ұстады. Сондай-ақ ірі көлемде есірткіні сақтаудың 25 жайтын анықтады.

Дәурен Сартаев - ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры 

 

ӘЙГЕРІМ.                                

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...