ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

17:20, 6 мамыр 2021

Жастық шағын сұрапыл соғысқа сарп еткен қариялар бұл күнде саусақпен санарлық. Түркістан облысында қазіргі уақытта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 28 ардагер тұрады. Жеңіс күні қарсаңында майдангерлер марапатқа бөленуде. Игі шарадан Қазақстан заңгерлер одағы республикалық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы өкілдеріде қалыс қалмады.

Көне шаһардағы көзі тірі ардагердің  бірі Нимет Әбдірәсілов. Қан майданның куәгері биыл 102 жасқа толды. Ол 1941-ші жылдың  тамызында  соғысқа аттанған. Етігімен су кешіп жүріп ортақ отанды қорғаған. Жаңбырша жауған оқтың арасында жүріп жарақатта алған.  Сталинград шайқасында қошауғада түсіпті. 

Нимет Әбдірасилов – соғыс ардагері

Одан кейін жаттық сол жерде окружениеде. Бір проход біра ақ жерде бар еді. Содан шығады. Рокоосовски командующий болған.

Көнекөз қария көргеніне шүкір, осы күніне тәубе қылудан талмайды. Бірінші тілегі  өзі көргенді ұрпақтары көрмесе  -дейді. Мереке қарсаңында елеп ескеріп келгендерге ақ батасын жаудырды. Қазақстан заңгерлер одағы республикалық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалы өкілдері қарттың көңілін аулауға тырысты.

Райхан Елтай – Қазақстан заңгерлер одағы республикалық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының төрайымы

Ұрпақтарына өнегелі тәрбие беріп отыр. Өнегелі отбасының ұйытқысы болып отыр. Ақсақалды өз көзімізбен көріп батасын алдық. Дені сау болсын. Еліміз тыныш болсын

Өңірдегі қарияларға мемлекет тарапынан құрмет көрсетілуде.«Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты олардың әрқайсысы 1 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алады. Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 214 тұлғаға біржолғы материалдық төлем қарастырылған. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 6808 ардагерге Жеңіс мерекесінің құрметіне бірреттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 млн теңге қаржы бөлінген.Майдангерлер тиісті көмекті 4 мамырға дейін толық алатын болады.

 

К. Дүйсенбі              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...