ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АРДАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

15:56, 5 наурыз 2021

Отбасының негізгі тірегі – ата-ана десек, бүгін - сол асыл аналарымыздың күні. Аяулы жандарды құрмет тұтуға арналған жиын Жұмат Шанин атындағы драма театрында өтті. Нәзік жанды аруларды Қаратау ауданының әкімі құттықтады.

Ана-бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен. Осындай маржан сөзге тиек болған қыз-келіншектер барлық құрмет лайық. Мерекеде қоғамда өзіндік орны бар, елге елеулі еңбек еткен нәзік жандыларды Қаратау ауданының әкімі  құттықтады.

Абзал Әліқұлов – Қаратау ауданының әкімі

Мемлекеттің мықты болуы ардақты  анаға тікелей байланысты. Себебі батырды да, ақынды да туатын ана. Мерекелік жиында батыр аналарға алтыннан алқа тағылды. Бұл санатта 7 баланың анасы Раушан Дінәсілова да бар.

Раушан Дінасилова – Алтын алқа иегері

Ақ жаулық иелері - қай қоғамда болмасын, отбасының ұйытқысы.  Олар - күллі әлемнің тіреуіші іспеттес. Шаңырақтың шаттығына айналған асыл жандарға біздің елде де құрмет жоғары.

Әбдез Рахманұлы – «Nur Otan» партиясының Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 Ақ жаулығының қадірі мен  ақ босағасының қасиетін білетін аяулылар үшін мемлекеттік, әлеуметтік мүмкіндіктер де орасан. Мерекелік шара әнмен, әрленіп, күймен көмкерілді.

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...