ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АРДАҚТЫ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

18:34, 6 наурыз 2020

Аналар мерекесімен құттықтау легі Отырарда да жалғасты. Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов бастаған топ жасы жүзден асқан қарт аналардың үйіне арнайы барып, шуақты көктеммен қатар келген 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтады.

Аудан басшысы ең алдымен ақ халатты нәзік жандарды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Қиын да абыройлы істе тынбай елге қызмет етіп келе жатқан еңбектеріне табыс, отбасыларына береке тіледі. Шара барысында абзал жандар аудан әкімінің, аудандық мәслихат хатшысының, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет Граммотасымен, Түркістан облысы денсаулық басқармасы басшысының Алғыс хатына ие болды.  Одан соң, жасы 103-ке келген Қаншайым Құрманбаева, 100 жастағы Ұлбөпе Айтменова және халық ақыны, «Парасат» ордендерінің иегері Әселхан Қалыбекованың үйіне барды.  Аналар мерекесімен құттықтап, иықтарына зерлі камзол жауып, кестелі ақ орамалды тарту етті. Әжелер ел басқарып отырған азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

М.ӘСЕМБЕК                                                                            

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...