ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АРЫСТА «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

13:16, 21 маусым 2021

Түркістан облысының Арыс қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы заманауи орталық ашылды. Бұрынғы тойхана қала тұрғындарының мәдени-танымдық, спорттық сергіту орталығына айналды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен тойхана қайта құрылымдаудан өткізіліп, қосымша құрылыстар жүргізілді.

Бұл жерде көзделген негізгі мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық емес сауықтыру шараларымен олардың өмірлік белсенділігін арттыру. Психологиялық көмек көрсету арқылы тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға бейімдеу болып табылады. Орталыққа келгендер кітап оқу алаңында еркін тақырыпта ізденіп, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Бұрынғы той сарайы енді мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді.

Гүлжан Құрманбекова – Арыс қаласының әкімі

Елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету

Спорт бұрышында физикалық дене жаттығуларын жасайды. Ал қолөнер бұйымдары бұрышында түрлі кәдесыйларды жасауды үйреніп, зағиптарға арналған үстел тенисінде бір сәт көңіл сергітеді. Сонымен қатар, мұнда йога орталығы да жұмыс істейді. Оған қоса, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ұлттық зияткерлік ойын түрлерін ойнап, үйренуге барлық жағдай жасалған.

Ғимарат аумағында мүгедектер арбасына таңылған жандардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы пандустар салынған. Ғимараттың екінші қабатында оқу залы мен зағиптарға арналған Брайль әліпбиі негізінде жазылған әлемдік және қазақ классиктерінің көркем шығармалар жинағы да топтастырылған. Сондай-ақ, шығармалардың аудио нұсқадағы үлгісі де келушілердің назарына СD-дискі түрінде ұсынылады. Көңілі қалаған адам кітапхана қызметкеріне жаздырып алып, үйіне кетіп тыңдауға беріледі.

 

 

К. Дүйсенбі

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...