ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

АСАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР СУБТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІРУДЕ

16:01, 19 қаңтар 2021

Қоңыржай, субтропикалық және тропикалық. Шымкенттік мектеп оқушылары жер шарының осы үш белдеуінде өсетін жеміс-жидекті, гүл мен ағаштарды жерсіндіріп, жетілідіру үстенде. Жаратылыстану зертханасы ретінде салынған жылыжай ішінде қазір осындай 800-ге жуық өсімдік түрі өсіп тұр. Оқушылар оларды тек күтіп-баптап қана қоймай генетика мен биотехнология, IT саласының жетістіктерін пайдаланып, ғылыми жобалар жасауға кіріскен.

Алтыншы сыныпта оқитын Дидар былтырдан бері гидропоника әдісімен гүлдің бірнеше түрін өсіруде.  Өсімдік отырғызылған ыдыстар пластмасса құбырдың ішіне орналастырылған. Гүлдер құбыр ішіндегі судан  нәр алады әрі бойына жылу тарайды.  Су температурасын бақылап отыру үшін Дидар өзі робот құрстырып алды.

         ДИДАР ҚАБЫЛБАЙ, 6 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

         Егер біздің роботомыздың бетінен смайлик шығып тұрса су жақсы температурада екенін білдіреді. Ел егерде үшбұрыш шығатын болса судың күрт түсіп кеткені.

         Пирамида пішіндес жылыжай іші үш аймаққа бөлінген. Мейілінше жылы атмосфера қалыптастырған тропикалық белдеуде цитрусты жемістер, пальма, лавр ағашы, ананас және кивидің көшетері өндірілуде.

Жылайда тропикалық табиғатқа бейімделген бананның екі түбі жайқалып өсіп келеді. Осыдан екі жыл бұрын егілген көшеттер жергілікті климатқа жылдам жерсінген. Бойы жылына 1 метрден астам өсетін ағаштар сәтін салса, келер жылы жем бермек.

Ал Дариғаның екі жылдан бері өсіріп жатқан апельсині биыл жеміс берді. Ізденімпаз өрен жетекшісінің бағыт-бағдарымен цитрус ағашын өсірудің қыр-сырын әбден меңгеріп алды.

         ДАРИҒА ЖАҚСЫБАЕВА, 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

          Қопсытып тұру керек топырағын. Кейін артық жапырағын қырқып тұрамыз. Және жапырақтарына су беріп, қажетті мөлшерде беру керек. Одан артық берсек, температураға қарсы болады.

Ал субтропикалық белдеудің іші 4 пен 20 градус аралығында жылы. Мұнда анар, құрма, інжір, бадам  ағаштары бүршік жарып келеді. Сондай-ақ қобдишаға егілген картоп топырақта емес, тамыры жалаң күйде сумен өсіп-өнуде.

         ҚАСЫМ АТАБАЕВ,IT МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы жерде құстарды, балықтарды күтіп баптау, көбейту, тұтынушыға жеткізу технологияларымен танысып, оны меңгеріп, мектеп қабырғасында кәсіп меңгеріп жатыр. Және мамандық таңдауға жол ашып жатыр.

         Мектеп оқушылары зертхананың ішінде 100-ге жуық ғылыми жұмыс жасап жатыр. Оның ішінен үздік деп танылған 4 жоба республикалық байқауға жолдама алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...